Сара Дутерте және кіші Фердинанд Маркос, Фото: Reuters
Рейтер агенттігі Флиппиндегі аралық сайлау барысындағы саяси жағдайға арналған мақаласында елдегі екі кланның Қытай мәселесіндегі ұстанымдары туралы мәлімет жариялады.
2024 жылдың мамыр айында Филиппиндегі сайлау шараларында елдегі екі негізгі саяси клан арасындағы ұзақ уақыт бойына бәсекелестік болғанымен, Қытаймен қарым-қатынас саяси қайшылықтардың басты тақырыбына айналды. Нәтижесінде президент кіші Фердинанд Маркостың 2022 жылы басталған алты жылдық билігінің қалған жартысы үшін елдің стратегиялық ұстанымы анықталды. «Біз өз басшыларымызға Қытайдың провинциясы болуды қалаған күндерге оралуға мүмкіндік береміз бе?» деп Маркос ақпан айында өткен митингіде сайлаушыларға сұрақ қойды. Себебі өзінің алдында президент болған Родриго Дутерте мен оның қызы Сара, қазіргі вице-президент, Маркостың басты қарсыласына айналды және олар Қытайға бейімделген саясат ұстануда.
2016 жылдан 2022 жылға дейінгі билік мерзімінде Дутерте сыртқы саясатын Қытайға бағыттап, бітімгершілік риториканы қолданып, Оңтүстік Қытай теңізіндегі дауларды азайтты. Бұл стратегия Вашингтонда алаңдаушылық туғызып, Филиппиннің Америка Құрама Штаттарымен ұзақ мерзімді қауіпсіздік одағына қатысты сұрақтар туғызды. Маркос, керісінше, Вашингтонмен байланыстарды қалпына келтіру және тереңдету үшін қадамдар жасады. «Бұл көптеген филиппиндік сайлаушылардың жүрегіне жақын болуы мүмкін нәзік мәселелер, әсіресе Қытай мәселесі. Осы жағдайға байланысты Макати университетінің мемлекеттік басқару профессоры Эдерсон Тапиа «сайлау кезінде сыртқы саясаттың маңыздылығы болмаған кездер болды, бірақ қазір ол басты мәселеге айналды». — деді.
Сәуірде жүргізілген сауалнама 110 миллион халқы бар елдегі сайлаушылардың көпшілігі Маркос әкімшілігі Бейжіңмен жалғасып жатқан теңіз қақтығыстарында қатал ұстаным ұстанған, Оңтүстік Қытай теңізіндегі Филиппиннің егемендігін қорғайтын кандидаттарды қолдайтынын көрсетті. Маркос бұл идеяны өзі қолдайтын кандидаттарға Сенатқа сайлау науқаны басталғаннан бері пайдаланып келеді.
Ақпан айындағы митингіде Маркос өзінің кандидаттарына нұсқап: «Жағалау күзетіміз су бомбасына ұшырағанда, балықшылар қоршауға алынғанда, балықтары ұрланғанда және аралдарымыз басып алынып, басқа елдің құрамына енгенде олардың ешқайсысы Қытайды қолдап қол соққан жоқ», — деді.
Бір айға созылған науқан кезінде Маркос қысымды жалғастырып, Қытайға басты сайлау мәселесі ретінде назар аударды, ал оның одақтастары Сара Дутертены Қытайдың әрекеттеріне үнсіз қалғаны үшін сынға алды. Сара, болашақ президенттікке үміткер болуы мүмкін, бір кездері ол Маркостың одақтасы болды, алайда кейін «президентті өлтіремін» деп қорқытқаны үшін импичмент жариялануы мүмкін. Филиппинде Сенаттың 24 мүшесі импичмент бойынша кез келген сот процесінде алқабилер ретінде қызмет етеді, бұл Сара Дутертенің саяси болашағын анықтауда аралық сайлауды одан да маңызды етеді. Заңсыздықты жоққа шығарған Сара импичментке қарсылықпен жауап беріп, Жоғарғы соттан өзіне қарсы шағымды қарастырмауды сұрады. Саяси сарапшы және Stratbase Group зерттеу және консалтингтік фирманың негізін қалаушы Виктор Андрес Манхиттің айтуынша, Маркостың күшті мандаты оның өкілеттігінің қалған үш жылында оның басқару қабілетін анықтап қана қоймайды, сонымен қатар 2028 жылғы президенттік бәсекенің нәтижесіне де әсер етеді. Конституция Маркосты бір қызмет мерзімімен шектейді және ол мұрагерді тағайындайды деп күтілуде. Сара Дутерте, егер ол импичменттен аман қалса, 2028 жылы сайлауға қатыса алады. Манхит теңіз құқығы мен Филиппиннің егемендігін қорғауға сілтеме жасап, «үміткерлер осы мәселелер бойынша сынақтан өтуі керек», — деді. «Солардың бірі қазіргі вице-президент. Ол Қытайдың бұл мәжбүрлеуіне қарсы үн қатқан жоқ».
Аралық сайлау Филиппиндегі жалған ақпарат күшейген кезде өтті. Өткен айда Reuters агенттігінің хабарлауынша, әлеуметтік желілердегі сайлауалды талқылаулардың 45 пайызына дейін шынайы емес аккаунттар белсенді болған. Филиппинде саяси операциялар үшін жалған аккаунттар мен ақылы ықпал етушілерді пайдалану кеңінен таралған, бірақ жоғары лауазымды қауіпсіздік қызметкері мен сенатор өткен айда осы шараларды Қытай мемлекеті қаржыландырғанын айтты. Қытай Сыртқы істер министрлігі мен оның Маниладағы елшілігі бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Наурызда Халықаралық қылмыстық сот Дутертаны қамауға алып, Гаагаға апарған кезде оның жақтастары қолдауға ие болды, бірақ Маркостың кандидаттары әлі де сауалнамада алда келеді және сенаторлық бәсекеде үстемдік етуге дайын болып көрінеді. Дутерта 2016-2022 жылдары наркотик таратушыларға қарсы күрес барысында 6200 адамды заңсыз өлтірді деп айыпталып отыр.
Анықтама: Филиппин — Оңтүстік-Шығыс Азияда, Тынық мұхиты аймағында орналасқан, мәдениеті мен тарихы бай мемлекет. Дамушы елдердің бірі. Жалпы ішкі өнім бойынша әлемде 31 орында. 110 миллион халқы бар. Филиппиннің сыртқы саяси басымдықтарына оның АҚШ, Қытай және басқа елдермен қарым-қатынастары арасындағы стратегиялық тепе-теңдікті сақтау кіреді. Негізгі бағыттар: АҚШ альянсы мен қауіпсіздігін қолдау.
АСЕАН мен аймақтағы байланыстарды нығайту. Әсіресе, Оңтүстік Қытай теңізіндегі егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау. Тәуелсіз сыртқы саясатқа ұмтылу және экономикалық байланыстарды дамыту.