HomeӘлем жаңалықтарыУкраинаның тағдыры осы...

Украинаның тағдыры осы аптада шешіледі

Осы аптада Украина соғысты тоқтату үшін  Трамп әкімшілігінің қысымына тап болды. АҚШ Ресейге жеңілдік жасау үшін 2014 жылы басып алынған Қырымды ресейлік деп тану және Украинаны НАТО-дан шығару сияқты идеялар талқылауға ұсынды.
Батыс шенеуніктері бұл ұсыныстардың Парижде украиналық әріптестеріне ұсынылған құпия құжатта көрсетілгенін айтты. Кездесуде еуропалық шенеуніктермен де осы мәселелер қозғалды. АҚШ Киевтің жауабын күтуде, оны апта соңында Лондонда өтетін кездесуде талқылау жоспарланған. АҚШ, Еуропа және Украинаның ұстанымдары сәйкес келсе, ұсыныстар Мәскеуге жолдануы мүмкін деп хабарлайды Уолл Стрит Джорнел (The Wall Street Journal).
Мемлекеттік хатшы Марко Рубио егер алдағы апталарда ілгерілеушілік болмаса, АҚШ келіссөздерді тоқтата алады деп мәлімдеді. Ол украиндықтар не істеу керектігін өздері шешуі керек екенін және қысқа мерзімде ұсыныстардың орындылығын анықтау қажет екенін атап өтті. Украина үкіметінің Трамптың кейбір идеяларын қабылдауы қиынға соғуы мүмкін, өйткені ол басып алынған жерлерді Ресейдің өз территориясы деген талаптарының заңдылығын мойындамайды.
Мемлекеттік департаменттің жоғары лауазымды шенеунігі украиндықтарға ұсынылған идеялар Киевтің «ал немесе кет» деген ұсыныс емес, қарастыратын нұсқалары екенін түсіндірді.
Парижде Мемлекеттік хатшы Марко Рубио, арнайы өкіл Стив Виткофф және отставкадағы генерал-лейтенант Кит Келлогг Украинаның жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесті. Рубио, Виткофф және Келлогг Лондондағы алдағы кездесуге қатысуды жоспарлап отыр, содан кейін Виткофф Ресейге баруы мүмкін, деп хабарлады АҚШ шенеуніктері.
Трампқа жақын және жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін Виткофф Ресей президенті Владимир Путинмен үш рет кездесіп, онымен келіссөздерінде ілгерілеушілікке қол жеткізгенін айтты. Бірақ АҚШ-тың басқа шенеуніктері Трампқа Путиннің ниетіне көбірек күмәнмен қарауды ескертеді.
2014 жылы Ресейдің Қырымды басып алуын Американың мойындауы екі жақтың  он жылдан астам саясатындағы бетбұрысты кезең деп есептеуге болады. Ең басты кедергі — АҚШ Конгресі Ресейдің Қырымды басып алғанын мойындауға қарсы заң қабылдаған еді. АҚШ-тың Парижде айтқан ұсыныстарында Украинаны НАТО-дан шығару мүмкіндігі де айтылды, дегенмен арнайы өкіл Кит Келлог бұл мәселенің талқыланбады деп айтты.
Сонымен бірге  АҚШ Запорожье атом электр станциясының айналасындағы аумақты бейтарап және американдық бақылауда деп жариялауды ұсынды. Трамп Зеленскиймен инфрақұрылымды қорғау үшін Украина электр станцияларын сатып алу мүмкіндігін талқылады. Себебі  Запорожье АЭС-і Еуропадағы ең ірі және Украина мен Ресей басып алған аймақтарды электрмен қамтамасыз етіп отырды.
РБК телеарнасының сайтында Ресей сыртқы істер министрлігі мен «Росатомның» бұл ұсынысқа үзілді-кесілді қарсы екенін жариялады.
Ең басты мәселе — АҚШ Ресейдің Украинаның шығысындағы төрт аймақты бақылауға заңды құқығын мойындамайды. Алайда  АҚШ бұл аймақтардан ресейлік әскерлерді шығаруды талап етпей отыр.
Ал енді украин әскерлерінің санын шектеуді ұсынған Ресей талаптарын АҚШ қабылдамады  және Киевке әскери қолдау көрсетуді жоққа шығармайды. Мемлекеттік хатшы М. Рубионың ұстанымы бойынша әрбір егемен елдің өзін-өзі қорғау құқы бар деп есептейді.
Билікке келгелі Трамп әкімшілігінің Украинаға байланысты әрекеттері қарама-қайшылыққа толы. Украинаға қысым жасап  қару-жарақ пен барлау ақпаратын жеткізуді тоқтатты. Алайда сол кезеңде  Путинге қысым көрсету үшін нақты қадамдар жасалған жоқ.
Бейбіт келісімге қол жеткізілген жағдайда да Украинаның қауіпсіздігіне нақты кепілдіктер жоқ.
Себебі Трамп әкімшілігі Ресей агрессиясын тоқтату үшін еуропалық елдерге әскери қолдау көрсетуге дайын екенін нақтылаған жоқ. Сонымен бірге  Кремль АҚШ-тың санкцияларын алып тастауды және Ресей мен АҚШ арасындағы экономикалық байланыстарды қалпына келтіруді талап етуде. Міне осы мәселеде Еуроодақ мінез көрсетуде.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...