2025 жылы наурыз айында Ресей мен Пәкістан темір жол байланысы туралы келісімге сай алғашқы жүк поезы жолға шығуды жоспарлап отыр деп хабарлайды «Росбизнесконсалтинг» сайты-РБК.
Пәкістан Қазақстан, Түркіменстан және Иран арқылы өтетін дәліздің шығыс тармағын пайдалана отырып, «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізі бойымен Карачи портына дейін жүктерді тасымалдап, темір жолды сынақтан өткізуді ұсынды.
Бұл жоба 2000 жылы Петербургте Ресей, Индия және Иран мемлекеттерінің қатысуымен қабылданған еді. Кейіннен бұл келісімге Әзербайжан, Армения Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан қосылды.
Коммерсант газеті бұл жобаның кеңеюіне Иран, Қазақстан, Түркіменстандағы темір жолдардың жүк тасымалдау мүмкіндігінің шектелгендігі кедергі жасайтыны атап өткен еді. Сонымен бірге Ресей мен Қазақстанның автомобиль жолдарының да өткізу қабілеті төмен болып отыр.
«Ресей темір жолдары» компаниясының «Гудок» газетінде осы жоба шеңберінде Ресей жағы иран-пәкістан шекарасы мен Пәкістанның орталық аймақтарын байланыстыратын Кветта – Тафтан темір жолын жаңалауды өз мойнына алмақшы деген мәлімет бар. Бұл жаңарту жобасы шамамен $550–660 млн. болуы мүмкін.
Ресейдің Пәкістанмен темір жол байланысын орнатуға мүдделі болып отыр. Себебі Батыс елдері жүргізіп отырған санкциялық саясат Ресейді біраз шаршатты. Сондықтан Ресей астық, металл өнімдерін Пәкістанға сатуға ынталы болып отыр.
Иран президенті Масуд Пезешкиан 24 желтоқсан күні Ресей үкіметінің Виталий Савельевті қабылдады деп мәлімдеді ИРНА агенттігі Кездесу барысында Иран президенті «Солтүстік-Оңтүстік» халықаралық көлік дәлізінің ирандық бөлігіндегі Решт-Астара темір жолын н келісімге сай уақытында іске қосатынын мәлімдеді. Бұл Ресейдің келесі жылы әлемдік нарыққа шығудың жаңа жолын қалыптастыруға тырысып отырғанын көрсетеді.
Ең бастысы, өз территориясы арқылы өтетін осы темір жолды Қазақстан тиімді пайдалана ала ма?