HomeАҚШРесейдің мұнай-газ секторына...

Ресейдің мұнай-газ секторына санкция салынды

REUTERS/Stringer/File Photo

АҚШ президенті Байден қызметінің соңғы күндері Ресей экономикасына үлкен нұқсан келтіретін санкция қабылдауымен еске қалатын болды. Әрине қазіргі кезеңде Ресей дүниедегі ең көп санкция салынған ел екені белгілі. Әлемдік Castellum санкцияларды бақылау базасының мәліметі бойынша 2022 жылдың ақпанынан бастап Ресейге 19,5 мың шектеу қойылған. Бірақ осы жолғы шаралардың әсері елеулі болатыны сөзсіз.

Ал енді а ұзақ уақыт мұнай секторына осындай экономикалық шектеудің қойылмай келуі әлемдік мұнай нарығына нұқсан келтірмеу және АҚШ-тағы президент сайлауын өткізіп алуға байланысты болды. Қазіргі кезеңде Ресей экономикасы газ бен мұнайдың арқасында Украинадағы соғысты жалғастыруға мүмкіндік алып отырғаны белгілі. Сондықтан осы жолы мұнай тасымалдау саласына үлкен экономикалық соққы берілді. Ұзақ уақыт санкцияларға қарамастан мұнай тасымалдау «көлеңкелі флот» арқылы жүзеге асқан болатын.

10 қаңтарда АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында Ресейдің мұнай секторына қарсы жаңа санкциялар енгізілгені туралы ақпарат жарияланды.  Шектеулер Ресейдің екі ірі мұнай компаниясына: Газпром Нефть және Сургутнефтегазға, сондай-ақ олардың еншілес компанияларына қолданылды. Бұл шара санкцияларды айналып өту үшін пайдаланылған «көлеңкелі флоттың» 184 танкеріне және ресейлік ең ірі «Совкомфлот» кеме компаниясына, сондай-ақ «Роснефть» құрылымын қамтыды. Осы шараларға байланысты АҚШ қаржы министрі  Джанет Л. Йеллен «Америка Құрама Штаттары Ресейдің Украинаға қарсы қатал да заңсыз соғыс жүргізуін қаржыландырудағы негізгі табыс  көзіне ауқымды шаралар қолданды. Бүгінгі шара арқылы Ресейдің сауда флотына және мұнай экспортына қарсы санкцияларды күшейтеміз» деп мәлімдеді.  Америка Құрама Штаттары ресейліктерге мұнай қызметтерін көрсетуге тыйым салады, бұл мұнай өндіру және өңдеу бойынша технологиялар мен қызметтерге қол жеткізуді шектейді.

Санкциялардың алғашқы әсері туралы Рейтер агенттігі 14 қаңтар күні Сингапурдан хабарлады. Санкциялардың нәтижесінде 669 «көлеңкелі флот» кемелерінің 35 пайызына, яғни Ресей мұнайын тасымалдаған танкерлерге тиым салынды. Сонымен бірге алып танкерлерді жалдау бағасы 39 пайызға өсті. Мысалы, Таяу Шығыс-Қытай бағыты бойынша жалданған танкерлердің бір күні 37 800 долларға жетті. Тынық мұхит жағалауындағы Козьмино портынан Солтүстік Қытайға мұнай тасу екі есе өсіп, 3,5 миллион долларды құрады. Санкциялар Ресей мұнайынан гөрі Таяу Шығыстағы елдердің мұнайына сұранысты күшейтті. Жылдың басында бұл елдердің мұнайының бағасы 4 долларға қымбаттады. Сонымен бірге 2022 жылдан бері Ресей мұнайын негізінен сатып алушы Қытай мен Индия да жаңа сатып алу көздерін қарастыра бастады. Әлемдік ақпарат құралдары Индия мен Қытай өз порттарына санкция салынған алып танкерлердің кіруіне тиым сала бастағаны туралы жаза бастады.

Ресей қаржы министрлігінің ақпараты бойынша  мұнай және газ секторынан федералдық бюджетке 11,131 трлн руб қаржы түскен, бұл жоспарланған мөлшерден 178 млрд руб аздау, алайда 2023 жылмен салыстырған 26 пайызға көп.

10 қаңтарда жарияланған санкциялар салынған мекемелер тізімінде «Газпромнефть» компаниясының қазақстандық бөлімшесі де бар.

 

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...