HomeӘлем жаңалықтарыКашмир дауы кезекті...

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі кезеңде Кашмир аймағын үш мемлекет иеленіп отыр: Үндістан, Пәкістан және Қытай.
1947 жылы «Британдық Үндістан» деп аталған ағылшын отары негізінде екі мемлекет -Үндістан мен Пәкістан пайда болды. Осы уақытта бұрынғы отар аймақта өмір сүрген ұсақ князьдіктерге кез келген елге қосылу немесе тәуелсіз болып қалу таңдауы берілді. Кашмир, негізінен мұсылмандар мекендеген ьерриьория еді, алайда оны индус Махараджа Хари Сингх басқаратын князьдік мемлекет болды. Махараджа Хари Сингх бастапқыда тәуелсіз болып қалуға шешім қабылдады. 1947 жылы қазанда Пәкістан қолдады деп болжанған пуштун тайпалары Кашмирге басып кірді. Осы кезеңде Махараджа Үндістаннан көмек сұрап, ресми түрде осы елге қосылу туралы құжатқа қол қойды. Содан кейін Үндістан шабуылға тойтарыс беру үшін әскер жіберді. Бірінші Үнді-Пәкістан соғысы (1947-1948) Біріккен Ұлттар Ұйымының араға түсу нәтижесінде атысты тоқтату және Кашмирді екі бөлікке бөлумен аяқталды: БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Кашмир халқына өз болашағын анықтауға мүмкіндік беру үшін плебисцит өткізуге шақыратын бірнеше қарар қабылдады. Алайда оның шарттарына қатысты келіспеушіліктерге байланысты бұл плебисцит Үндістан мен Пәкістан арасында ешқашан өткізілмеді. Кашмир 1965 және 1971 жылдардағы Үндістан мен Пәкістан арасындағы кейінгі соғыстарға да себеп болды. 1980 жылдардың аяғынан бастап Үндістан басқаратын Кашмир тәуелсіздікке немесе Пәкістанмен қосылуға ұмтылған белсенді қарулы көтерілістің орнына айналды. Үндістан Пәкістанды осы содырларды қолдады деп айыптайды, Пәкістан оны жоққа шығарады.
Үндістан Конституциясының 370-бабына сәйкес Джамму мен Кашмирге ерекше автономиялық мәртебе берді, оның өз конституциясы, туы және заңдары (қорғаныс, сыртқы істер және коммуникация салаларынан басқа) болуына мүмкіндік берді. Алайда осы бапты Үндістан үкіметі 2019 жылдың тамыз айында алып тастады, бұл шиеленістің күшеюіне және аймақтың саяси ландшафтының өзгеруіне әкелді. 22 сәуір күні жасалған террористік шабуылды 2019 жылы пайда болған «Қарсыласу майданы» деп аталатын ұйым жасады деп айыпталуда.
Соңғы шиеленістің себебі: Үндістан бақылау жасайтын Кашмирдегі танымал туристік орын Пахалгамда жақында террористік шабуылды белгісіз біреулер ұйымдастырды. Қарулы адамдар келушілерге оқ жаудырып, кем дегенде 26 адамды өлтірді — біреуі Непал азаматы, басқалары Үндістаннан — 17 адам жараланды. Бұл шабуыл аймақтағы шиеленісті одан әрі күшейтті, Үндістан Пәкістанды террористерді қолдады деп айыптап, екі ел арасындағы су туралы келісімді тоқтатты. Пәкістан да Үндістанның әрекетін айыптап, 24 сәуір күні Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Инд сулары туралы келісімге сәйкес су ағынын тоқтату немесе бұру әрекеті «соғыс актісі» ретінде қарастырылатынын ескертті. Сонымен бірге Пәкістан өз әуе кеңістігін Үндістан ұшақтары үшін толық жапты.
Екі ел арасындағы «Инд сулары туралы келісім» 1960 жылы Дүниежүзілік банк делдалдығымен жүргізілген көп жылдық келіссөздерден кейін қол қойылған, әлемдегі ең ұзақ мерзімді трансшекаралық су келісімдерінің біріне айналды. Келісім Инд бассейнінің алты өзенін екі елге бөлді. Үндістан үш шығыс өзендерін алды (Рави, Беас және Сутлеж). Пәкістан ортақ бассейндегі судың негізгі бөлігін (шамамен 80%) құрайтын үш батыс өзенді (Инд, Джелум және Ченаб) алды.
Ал Пәкістанның Dawn газеті жариялаған Тафтса университетінің доценты Хассан Ф. Хан мақаласында «»Инд суларын бірігіп пайдалану туралы» келісімді тоқтату бірден әскер етпейді, бірақ болашақта су режимінің өзгеруі Пәкістанның бүкіл егіншілік жүйесіне әсер етеді деп есептейді.
Рейтер агенттігі Үндістан тарапы террористерге байланысты қатаң шара қабылданып жатқанын (үйлерін сүріп тастау, кәсіпкерлегін тоқтату және т.б.) және шекарада атыс болып жатқанын хабарлады.
Индияның бұл әрекетінің нашар жағы- осындай жанжалдар барысында Қытай да дәл осындай шара қолданатын болса, онда Кашмирдің қытайлық бөлігінен бастау алатын өзендердің бөгелуі Үндістанда су мәселесін тудыруы мүмкін.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...

Рим Папасының сайлауына американдық үміткер қатыса ала ма?

Ватикан   фото Фейсбуктен алынды Дүниедегі ең ықпалды қаржылық, талдау және ақпараттық платформалардың бірі - Bloomberg  Рим Папасын сайлау туралы мақала...