HomeАҚШЖаһандық тәртіпке қарсы...

Жаһандық тәртіпке қарсы келетін қауіпті жаңа аббревиатура пайда болды

БРИКС ұйымы ресейдің Қазан қаласында бас қосуға дайындалып жатқанда Брюссельде НАТО әскери блогына мүше елдердің қорғаныс министрлерінің жиналысына Үнді-Тынық мұхит аймағының  демократиялық елдері- Австралияның, Жаңа Зеландияның, Жапония мен Оңтүстік Кореяның жоғары деңгейдегі өкілдері қатысты. Ол туралы  АҚШ-тың «Politico» ақпараттық агенттігі хабарлайды.

«Politico»: KRINK: Бұл жаңа «Зұлымдық осі»

Қытай, Ресей, Иран және Солтүстік Кореяның бейресми альянсы НАТО-ны Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы елдермен байланыстарды нығайтуға мәжбүр етті.

БРЮССЕЛЬ — Жаһандық тәртіпке қарсы келетін қауіпті жаңа аббревиатура пайда болды: CRINK.

Ол Қытайды, Ресейді, Иранды және Солтүстік Кореяны – Мәскеудің Украинаны бағындыру жолындағы қанды науқанында сөз байласып отырған төрт диктатураны бейнелейді.

Олардың ынтымақтастығы НАТО-ны Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы пікірлес елдермен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Бейсенбі күні Брюссельде НАТО қорғаныс министрлерімен кездесуге алғаш рет Австралия, Жаңа Зеландия, Оңтүстік Корея және Жапонияның жоғары лауазымды тұлғалары қатысты.

Бұл Үнді-Тынық мұхиты елдерінің көшбасшылары қатарынан үш жыл қонақ ретінде қатысқан  жыл сайынғы саммиттерінен кейін жүзеге асуда.

Бейсенбіде журналистерге НАТО Бас хатшысы Марк Рютте: «Осы төрт елдің НАТО одақтастарымен бірге саммитке көбірек қатысуы өте құптарлық жайт, өйткені Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қауіпсіздікке қатерлер, осында талқыланып жатқан мәселелермен тығыз байланысты.

Ресей Украинадағы соғысқа одақтастарынан көмек сұрады. Иран Украина қалаларына тұрақты түрде соққы беретін «Шахед» ұшқышсыз ұшақтарын жеткізіп, әскери кеңесшілерін де жіберді. АҚШ пен Украина Иран  баллистикалық зымырандар жіберді деп мәлімдейді, алайда Тегеран оны жоққа шығаруда. Солтүстік Корея болса Украинада баяу ілгерілеп келе жатқан ресейлік әскерлер үшін өте маңызды зымырандар мен артиллериялық оқ-дәрілер жіберіп жатыр. Киев бұған қоса Солтүстік Корея соғысқа қатысу үшін мыңдаған әскер жібергенін алға тартады.

Қытай Ресейді «қаруландырып жатқан жоқпын» деп сендіруге тырысқанымен Вашингтон Бейжіңнің Владимир Путиннің әскеріне көмектесіп жатқанын анық айтуда. Қытай сондай-ақ ресейлік мұнай мен газды  үлкен көлемде сатып алуда және ол микросхемалар мен басқа да қос мақсаттағы тауарларын экспорттай отырып Мәскеудің соғыс машинасын ұстап тұруға көмектесуде.

Ресей мен Қытай шенеуніктері осы аптада Бейжіңде кездесіп, тығыз жұмыс істеуге уәде берді. Олар соңғы айларда бірлескен әскери жаттығуларды да өткізген еді.

Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов кездесу қорытындысы бойынша: «Бізде ортақ көзқарастар, жағдайды ортақ бағалау, не істеу керектігі туралы ортақ түсінік бар екенін көріп отырмыз» деп мәлімдеме жасады.

Украинаның одақтастары Киевке маңызды әскери көмек көрсетуде, бірақ олар бұл көмектерін Ресейдегі нысаналарға соққы беру үшін шектеп отыр.

Ал Мәскеудің серіктестері қару-жарақтарына осындай шектеу қойып отырған жоқ. Бұл НАТО-ны әлемнің арғы жағындағы демократиялық елдермен қарым-қатынасты күшейтуге мәжбүр етуде.

Сондай-ақ  Қытайдың Азияның біраз елдерін күш көрсетіп қорқытуы, мысалы Филиппин мен Тайвань маңындағы Қытайдың әскери күштерін шоғырландыруы да алаңдатады.

Рютте осы жағдайларға байланысты «әрине, біз Қытайдың қарқынды әскери күшеюіне қатысты алаңдаймыз», — деп  мәлімдеді.

АҚШ, Нидерланды және Ұлыбритания аймақтағы Қытайдан қауіптенетін, альянсты қолдайтын елдермен байланыс орнатқан  НАТО-ның жетекші елдерінің қатарында. АҚШ ұйымдастырған Жапония мен Оңтүстік Кореяға сапардан кейін,  голландиялықтар осы айдың соңында НАТО-ның жетекші дипломаттарының Австралия мен Жаңа Зеландияға сапарын ұйымдастырды.

Дегенмен, НАТО-да Шығыспен байланысты кеңейту мәселесінде ортақ пікір жоқ. Франция НАТО-ның Токиода жаңа кеңсе құру жоспарына тосқауыл қоюдың бастамашысы болды және Солтүстік Атлантикалық Шарт Ұйымы тек өзі құрылған аймақпен ғана шектелуін талап етті.

Ресеймен шектесетін кейбір Орталық Еуропалық НАТО-ға мүше елдер  де әскери ұйымның  өз аймағын Мәскеумен ықтимал соғысқа дайындауға назар аударғанын қалайды, Үнді-Тынық мұхиты аймағын АҚШ-қа қалдыру керек деп есептейді.

Екінші жағынан, Қытай бірнеше жылдар бойы НАТО-ға Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы төрт демократиялық елге жақындамауды ескертіп келеді.

Жоғарыда аталған төрт ел НАТО құрылымдарынан тыс жерде орналасқанымен, олардың қорғаныс өнеркәсібі Солтүстік Атлантикалық альянспен тығыз біріктірілген.

«Ол жерде күшті ынтымақтастық бар. Мен әрқашан мүмкіндіктерді іздеймін», — деді Австралияның Қорғаныс өнеркәсібі министрі Пэт Конрой POLITICO-ға берген сұхбатында. Сонымен бірге ол Австралияның Норвегиямен зымырандар шығару, Украина үшін Германиямен біріге отырып, 100 брондалған көлік дайындау және Франциямен оқ-дәрілерді бірлесіп шығару туралы келісімдерге сілтеме жасады.

Оңтүстік Корея Украинаға жіберілген қару-жарақ қорларының орнын толықтыру үшін  тез арада қару-жарақ жеткізуді қажет ететін Польша мен Румыния сияқты кейбір еуропалық елдер үшін негізгі серіктес болды.

Брюссельдегі еркін университеттің қауіпсіздік, дипломатия және стратегия орталығының Корея бойынша маманы Рамон Пачеко Пардо сәуір айындағы мақаласында «Оңтүстік Корея мен НАТО ешқашан 2024 жылдағыдай жақын болған жоқ», — деп жазды. Автор мақаласында «Оңтүстік Корея өндірісті тез арада ұлғайта алады, себебі еуропалық елдер қорғанысқа онжылдықтар бойы қаржыны аз бөлгендіктен, олардың осындай мүмкіндігі жоқ»-деп атап өтті.

Оана Лунгеску, Ұлыбританияның қорғаныс зерттеу орталығының Royal United Services Institute for Defense Studies институтының қызметкері және НАТО-ның бұрынғы қызметкері НАТО-ның Үнді-Тынық мұхиты аймағындағы қатысуын кеңейтуге мүмкіндік бар деп есептейді.

«Болашақта қарастырылуы тиіс саланың бірі — НАТО мен оның аймақтағы серіктестері арасындағы тұрақты бірлескен әскери жаттығулар, оны жекелеген одақтастар ұлттық деңгейде өткізіп жатыр», — деді Лунгеску.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және ұзақ уақытқа созылған дау. Қазіргі...

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...