HomeЖаңалықтарЕгер Ресей жеңсе

Егер Ресей жеңсе

фото © picture alliance / HMB Media / Julien Becke

Жақында Германияда Карло Масаланың (Carlo Masala) «Егер Ресей жеңсе» деп аталатын еңбегі жарық көрді. Карло Масала 1968 жылы дүниеге келген,  Мюнхендегі Бундесвер (әскери) университетінің халықаралық саясат профессоры. Саясаттанушы – Journal of Politics (ZfP), Journal of International Relations (ZIB) және Journal of Strategic Analysis (ZfSA) журналдарының бірлескен редакторы. Ол сондай-ақ Федералдық қауіпсіздік саясаты академиясының ғылыми-консультативтік кеңесінің мүшесі және Германия Бундестагының Ауғанстандағы операцияны тексеру комиссиясының тұрақты сарапшысы болып табылады.
Автор ұлттық «Frankfurter Rundschau» газеті мен «Немецкая волна» халықаралық ақпарат агенттігіне, «Augsburger Allgemeine»  аймақтық газетіне берген сұхбатында кітаптағы мынадай негізгі идеяларды атап өтті.

Бірінші, Ресейдің стратегиялық мақсаттары туралы. Автор Ресейдің үш негізгі стратегиялық мақсаты бар деп есептейді: біріншіден, экономикалық және саяси қысымды азайту үшін АҚШ-пен қарым-қатынасты қалыпқа келтіру. Екіншіден, 1997 жылдан бері қалыптасқан еуропалық қауіпсіздік тәртібін өзгерту, яғни НАТО-ны кеңейту. Үшіншіден, оккупацияланған Украина аумақтарын Ресей территориясы деп тану. Сонымен бірге Ресей үкіметі басып алынған аумақтарды толық бақылауды ғана емес, билікке ресейшіл басшылықты әкелу үмітімен Украинада сайлау өткізуді қалайтынын жасырмайды. Егер бұл сәтті болса, бұл тек Украинаны ғана жеңу емес,  бұл бүкіл Батысты стратегиялық жеңу болмақ. Автор Ресей басып алған жерлерін өзіне қалдырған жағдайда — бұл оның үлкен жеңісі деп есептейді.
Украина бейтараптық, яғни НАТО-ға кірмеу туралы конституциялық міндеттемелерді қабылдауы керек. Еуропалық және Қытай сарбаздарынан құралған бітімгершілік күштері Украинадағы атысты тоқтату режимін қадағалап отырады, бірақ ол бұзылған жағдайда араласпайды. Дүниежүзілік банк Киевтің бақылауындағы Украинада ғана емес, Ресей басып алған аумақтарда да қайта құру жұмыстарын қаржыландырады. Украинаның экономикасы әлсіреп, елдің көңіл-күйі бұлыңғыр, соның салдарынан билікке ресейшіл партиялар келуі мүмкін.
Екінші, болашақта Ресей НАТО-ны сынап көруі мүмкін. Ол үшін Ресей  Польшаға немесе НАТО-ның басқа негізгі мүшесіне тікелей шабуыл жасамайды, себебі блоктың 5-бапты іске қосуы мүмкін және осылайша альянспен соғысқа әкелуі мүмкін. Мәскеу оны жақсы біледі. Сондықтан ол  шектеулі әрекет арқылы, мысалы, Эстониядағы бір қаланы басып алып,  НАТО-ны сынап көруі мүмкін. Мақсат- НАТО-ның қауқарсыз екенін көрсету. Ресейдің сеніп отырғаны «қайдағы кішкентай бір қала үшін  НАТО-ның негізгі мемлекеттері, әсіресе Америка Құрама Штаттары, ядролық соғыс қаупі бар әскери қақтығысқа дайын емес деп үміттенеді. Бұл уақытында Екінші дүние жүзілік соғыс қарсаңында Гитлерге тойтарыс бере алмаған «Данциг үшін неге өлу керек?» деген ескі сұрақтың қайталануы болар еді. Ол кезде Вермахттың қарусыздандырылған аймақ статусы бар Рейн жеріне шабуылы сынақ болды. Егер Англия мен Франция араласса, Германия шегінетін еді. Бірақ олар мұны істемеді және бұл Гитлердің Батыс ашық қақтығыстардан аулақ болады  деген есебін күшейтті. Сол сияқты, Ресей де шектеулі сынақ арқылы НАТО-ның өзінің көмек көрсету жөніндегі міндеттемелеріне шын берілгендігін анықтауға тырысуы мүмкін. Егер кейбір НАТО-ға мүше мемлекеттер тартынса немесе тіпті бас тартса, бұл НАТО-ның қорғаныс уәделерінің енді қолданылмайтынының белгісі болады.
Альянс біртұтас жауап бермесе, НАТО іс жүзінде тарайды деп есептеуге болады.  Бұл дәл Ресейдің басты стратегиялық мақсаттарының бірі: АҚШ-ты Еуропадан ығыстырып, Батыстың қауіпсіздік құрылымын жою.
Автор негізгі шараларды неге 2028 жылдан бастайды. Себебі Украинадағы соғысты жеңіспен аяқтаған Ресей екі жылдай экономикасын, қару-жарағын қалпына келтіреді. Ал Европада осы кезеңде Украинаға көмек беруден шаршаған басты Европа елдерінде оңшылдар, яғни көмекті тоқтатуды талап еткен популистік партиялар билікке келеді. Автор Францияда 2027 жылы билік басына бұрынғы Ұлттық фронт партиясынан президенттікке кандидат келуі мүмкін. Содан кейін Франция және мүмкін басқа елдер Украинаға көмек көрсетуге тосқауыл қояды. Ресей тактикалық тұрғыдан дұрыс әрекет етсе, яғни алдағы екі жылда Украинаға қайта шабуыл жасаудың немесе сол жерде орналасқан әскерлерге шабуыл жасаудың нышаны байқалмаса, Еуропада Украинаға осы көмектің барлығының мағынасы бар-жоғы туралы пікірталас тез басталады. Бұл тым көп ақша емес пе, оны шын мәнінде басқа мақсаттарға, яғни әлеуметтік бағдарламаларға, ішкі пайдалануға арналған бағдарламаларға жұмсау керек деген сияқты пікірлер көбейе түседі. Егер Украина бұл соғыста жеңілсе, популистік немесе экстремистік партиялар әр сайлауда күшейе түседі.
Осындай жағдайда Нарваны басып алу -НАТО-ның тамырын басу болып есептеледі. Мұның мақсаты – НАТО-ны, альянстың тұрақтылығын сынау, бұл Ресей үшін өте есептелген тәуекелмен байланысты. Егер Ресей Эстонияның 50 000 халқы бар Нарва қаласын басып  алып, орыс азшылығын қорғағым келеді десе, бұл шектеулі әскери әрекет. Содан кейін сұрақ туындайды:  НАТО қалай әрекет етеді? Альянс мұны Ұжымдық қауіпсіздік шартының 5-бабының миссиясы ретінде қарастыра ма, әлде әрқашан ядролық құрамдас бөлікпен қарастырып сақтық жасап, жалтара ма? Нарваға байланысты Ресеймен толық ауқымды әскери қақтығыс тудырудың қажеті жоқ деген күштер басым бола ма? Егер НАТО өзінің үш ядролық державалары бар ядролық держава Ресеймен толық ауқымды қақтығысқа түссе, онда бұл қақтығыстың үстінен әрқашан ядролық қаруды қолдану қаупі туындайды, яғни, ақырында, үшінші дүниежүзілік соғыс басталуы мүмкін. Ал Ресей НАТО-ның кейбір елдері «Нарваның кесірінен өлуге дайын емеспіз» деп айта алады деп болжауда. Егер НАТО 5-бапты қолданса, Ресей өз әскерлерін өте тез шығара алады және Ресей Нарвадан өз әскерін шығарғаннан кейін НАТО ешқашан Ресей аумағына аяғын баспайды. Ал егер НАТО 5-бапты қолданбаса, НАТО -ның шаруасы бітті.
Үшінші, Европаның АҚШ-тың көмегінсіз Ресейден қорғанатын әскери әлеуеті жоқ. «Қырғи қабақ соғыс» кезінде НАТО жүйесінің  әскери тежеу ​​құралдары американдық әскерлер мен құрал-жабдықтарға негізделген және қару — жарақты жылдам пайдалануға дайын болуын қамтамасыз ету үшін жасалған. Бүгін бәрі басқаша. Еуропаның Ресей шабуылдарынан қорғану үшін әуе қорғанысы тым аз. Ресейдің инфрақұрылымына шабуыл жасайтын алыс қашықтықтағы қарулар жоқ. Еуропаның әскери өнеркәсібі қысқа мерзімде жеткілікті мөлшерде жабдықтауды қамтамасыз ете алмайды. Сонымен бірге саяси тұрғыда қарсылық көрсетуге ерік-жігер қажет, өкінішке орай европа саяси жетекшілерінде ол да жоқ, тек саяси жалтақтық. Сондықтан  әскери жағынан Европа әлі де көп жылдар бойы қолайсыз жағдайда болады. Ядролық державаның ЕО-ға мүше мемлекетке қарсы ауқымды соғысы сияқты сценарийді жалғыз Еуропалық Одақ жеңе алмайды. Оның мұны істеуге мүмкіндігі жоқ. Мысалы, американдықтар НАТО-ның мүмкіндіктерінің 40 пен 70 пайызын құрайды. Бізге әуе көлігі жетіспейді. Бірақ тіпті Польшадан үлкен әскери бөлімдерді ұшақпен тасымалдау қажет болады. Оларды жаяу тасымалдай алмаймыз, әуе көлігімен тасымалдауға ауыр жүк көліктері де жетпейді. Егер сіз әуе күштерін орналастырсаңыз, ол ұзақ уақыт ауада қалуы керек. Бұл олар ауада жанармай құюы керек дегенді білдіреді, бірақ бізде ондай мүмкіндік жоқ. Бізге алыс қашықтықтағы қарулар жетіспейді. Шешуші мәселе мынада: біз бәріміз НАТО интеграциялық жүйесінің бөлігіміз және американдық спутниктік барлауға өте тәуелдіміз. Бізде бұл американдықтар сияқты емес, тіпті жекелеген мемлекеттер сияқты. Бірақ егер американдықтар оны бермесе, біз салыстырмалы түрде соқыр болып қала береміз. Сондықтан бұл қиын сценарий.

Төртінші, ядролық қорқытумен қатар Ресей және оның одақтасы Қытай өз мақсаттарына жету үшін қатар қимылдауы мүмкін. Сценарийде Ресейдің Африкадан қашқындарды Европаға бағыттауымен қатар, яғни Жерорта теңізі аймағында тұрақсыздық орната отырып, 2028 жылы Нарваны басып алуы мүмкін. Ал Қытай өз кезегінде Филиппинің даулы аралдарын басып алып, АҚШ-тың бүкіл әскери қуатын сол аймаққа бұрады. Осы кезеңде Европа жалғыз қимылдауға мәжбүр болады. Алайда оның қайта қарулану әлі аяқталмағандықтан ол толық тежеу қоя алмайды.  Сонымен, Ресейдің НАТО-ны сынауы Еуропаның ең осал тұсына келеді. Себебі Франция президенті Макрон Еуропаның қорғаныс саясаты тұрғысынан егемендік алғанға дейін 5-10 жыл қажет болуы мүмкін деді. Оған 5 жыл емес, 10 жыл қажет дер едім. Бірақ бізде бар болғаны 3-4 жыл бар. Бұл енді мүмкіндігінше тезірек техника алып, оны қарулы күштерімізге біріктіруіміз керек деген сөз.
Ядролық қалқан туралы не деуге болады? Вашингтон Рамштайннан база ретінде бас тартпайды, бірақ ол Таяу Шығыс үшін стратегиялық тұрғыдан маңыздырақ. Шешуші фактор — АҚШ-тың төтенше жағдайда Эстонияны немесе Польшаны қорғау дайын ба яғни  ядролық соғыс қаупі туындаған жағдайда қандай шешім қабылдайды? Бірінші президенттік мерзімінде Трамп Американың Черногория үшін үшінші дүниежүзілік соғысқа неліктен тәуекел етуге дайын екенін түсінбейтінін айтқан болатын. Дәл осындай жағдай қайталанатын болса, Балтық жағалауында ресейлік арандатушылық орын алған жағдайда НАТО бірлігі бұрынғыдан да өзекті болады. Егер Мәскеу АҚШ Нарва немесе Рига үшін өз территориясына қауіп төндіруге дайын емес деген қорытындыға келсе, бұл Еуропа қауіпсіздігі үшін орасан зор зардаптарға әкеледі.
Олардың сценарийі қақтығыстар бір уақытта бірнеше майданда өршіп тұрған әлемді сипаттайды. Ресей НАТО-ны сынады, Қытай Тынық мұхитында арандатушылықтар ұйымдастырды. Еуропа мұндай үйлестіруді болдырмау үшін не істей алады?
Еуропа Ресейдің жаһандық серіктестерін күшейтетін барлық байланыстарды саналы түрде әлсіретуі керек. Үлкен сәтсіздік Ресей мен Қытайға жол ашып, Сахель аймағынан әскерлердің шығарылуы болды. ЕО экономикалық және дипломатиялық ұсыныстар арқылы мемлекеттерді Ресей осінен ажыратуға тырысуы керек. Мәскеу мен Бейжіңнің тығыз ынтымақтастығы жағдайында бұл сәтті болуы екіталай, бірақ басқа ойыншылармен — Иран, Солтүстік Корея, кейбір Африка мемлекеттерімен — ақылды стратегиялық қадамдар жасалуы керек.
Бесінші,  Еуропаның Ресейді тежеу ​​үшін қабылдаған кез келген шаралары да қауіп ретінде түсіндірілуі мүмкін. Егер Еуропа алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды орналастырса, олар кәдімгі немесе ядролық бола ма деген сұрақ туындайды. Ресей бұл зымырандардың ядролық оқтұмсықтарды алып жүру мүмкіндігімен санасуы керек және сақтық шарасы ретінде күшеюі мүмкін. Бұл тосқауыл қоюды соншалықты нәзік етеді: ол сенімді болуы керек, бірақ ол шиеленіс  тудырмауы керек.
Ресейді жалғыз Германия тоқтата алмайды. Бірақ бәрі алға жылжуы мүмкін. Берлин өзінің экономикалық және қауіпсіздік рөлін байыппен қабылдаса, басқа еуропалық мемлекеттер де соны ұстанатын болады. Бұл тек әскери құралдарға қатысты емес. Басты сұрақ: қоғам өзінің демократиялық тәртібіне қауіп төніп тұрғанын түсіне ме? Тек осы жағдайда ғана ол өзін қорғаудың құнын төлеуге дайын болады
Алтыншы, автор  қазіргі келіссөздерден көп нәрсе күтпеймін дейді. Себебі  Трамп ресейліктерге қалағанының бәрін беретін бағытта болса жағдай қиындайды. Бірақ содан кейін сұрақ туындайды: Украина нәтижені қабылдай ма деген? Ал әскери қауіпсіздікке қатаң кепілдік болмаса, Украина бұған келісе алмайды. Бұл орындалмаса, Украина өз басынан келіссөздер жүргізіліп жатқан мұндай келісімді қабылдай алмайды. Міне осы кезеңде еуропалықтар американдықтар беріп отырған көмекті бере ала ма?  Мәселен  соған байланысты. Сонда Украина соғысты жалғастыра алады. Сайып келгенде, біз ресейліктердің әскери логикасын өзгерту туралы айтып отырмыз. Дәлірек айтқанда, соғысты аяқтағаннан гөрі оны жалғастыру көбірек ұтады деген пікір бар. Ал бұл қазір Украинаға әскери қолдау көрсету және Ресейге қарсы экономикалық санкциялар арқылы ғана мүмкін. Ресей тозып барады және соғысты мұндай қарқындылықпен және адамдарды жоғалту жылдамдығымен шексіз жалғастыра алмайды

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Зеленский Қырымды беруден бас тартты

Фото: EPA Сәрсенбі күні Лондонда өтуге тиіс келіссөздерге АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио бармайтын болды. Басты себеп- 22 сәуір күні...

        Путин келіссөздерге дайын екенін мәлімдеді

 21 сәуір күні Ресей президенті Владимир Путин соғыс басталғаннан бері алғаш рет Украинаға екіжақты келіссөздер жүргізуді ұсынды деп хабарлайды...

Рим Папасының сайлауына американдық үміткер қатыса ала ма?

Ватикан   фото Фейсбуктен алынды Дүниедегі ең ықпалды қаржылық, талдау және ақпараттық платформалардың бірі - Bloomberg  Рим Папасын сайлау туралы мақала...