HomeАҚШАҚШ Сенаты Ресейге...

АҚШ Сенаты Ресейге ультиматум қойды

сенатор Линдси Грэм

фото: Том Уильямс/Zuma Press
Трамптың «Украина мәселесін бір күнде шешемін» деген уәдесі 100 күн ішінде жүзеге аспады. Трамптың әлі жеткені Украина болды. Путин, сарапшылар болжағандай, Трампты уәдемен «семіртті». Украинаға жасалған әр шабуылдан соң Трамп ресейліктер «байқамай қалды, қателік болды» деп бейбіт тұрғындардың өліміне олардың жауапкершілігін төмендетумен болды. Тек соңғы кезде ғана Трамп «жан досы Путиннің» уәдесін орындамай, оны «мұрнынан жетелеп» жүр деп айта бастады. Өткен жолы АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марк Рубио Париждегі одақтастарымен кездескеннен кейін барлық тараптарға ескерту жасап, келісімге келмеген жағдайда келіссөздерді ұйымдастырудан бас тартып, бұл мәселені жабық деп жариялаймыз деген еді. Осы ескертуден кейін Кремльдің баспасөз хатшысы Песков Ресей ешқандай талапсыз келіссөздерді бастауға дайын деп мәлімдеме жасады. Алайда жарты күн өтпей жатып сыртқы істер министрі Лавров келіссөздерді бастау үшін Украина бұрынғы талаптды орындауы керек деп жариялады. Бұл Ресей басшылығында келіссөздерге байланысты екі қарама-қарсы топтың қалыптасқандығын көрсетеді немесе Трампты алдаудың жаңа әдісі деп қабылдауға болады. Ресей тарапы «алдадым, алдадым» деп шапқылап жүргендіктен АҚШ-тың «ауыр артиллериясы» іске қосылуға дайын екендігін көрсетті. Ол туралы АҚШ элитасына жақын, ықпалды басылым «Уолл стрит жорнал» (The Wall Street Journal) арнайы мақаласында АҚШ Сенатындағы соңғы жаңалықтар туралы былай деп жазды:
Трампты жақтаушы, республикалық партия өкілі, сенатор Линдси Грэм Украинадағы ресейлік мұнай, газ және уран сатып алатын елдерге жоғары, 500 пайыздық тарифтер енгізу туралы заң жобасын ұсынып отыр. Заң Сенатта президенттің ықтимал ветосынан өту үшін жеткілікті қолдауға ие болды. Республикашылдар мен демократтар осы мәселеде ортақ пікірге қол жеткізді.
Бұл қадамдар Трамптың Украинадағы бейбіт келісім жасауға арналған ұсыныстары Ресей тарапынан сөзбұйдаға салына бастаған кезде жасалуда. Заң Ресейге және ресейлік ресурстарды сатып алатын елдерге қарсы санкцияларды, сондай-ақ агрессия жалғасқан немесе келіссөздерден бас тартқан жағдайда айыппұлдар мен шектеулерді қарастырады. Мұның бәрі Ресейге қысым көрсету және бейбіт шешімдерді ынталандыру жөніндегі кеңірек стратегияның бір бөлігі.
Грэм кеңсесі жаңа тарифтер мен санкциялар Қытай, Үндістан және Иранға ең ауыр тиетінін айтты. Себебі Ресей мұнайын, газын және уранын сатып алушыларға 500 пайыздық салық салынады және олардың АҚШ-пен сауда жасауы күмәнді болады. Сондықтан аталған елдер кімді қолдайтыны сол кезде белгілі болады: Батыс пен Украина ма, әлде Ресейді ме?
Бұл заң жобасы  ресейлік энергиядан бас тартуға тырысып отырған Еуропа мен Ұлыбританияға да әсер етеді. Себебі  ЕО елдері 2024 жылы Ресей газынан бас тарқанымен әлі де газдың (17%) және сұйытылған табиғи газдың (18%) айтарлықтай бөлігін алып отыр. Грэм Ресей үшін санкциялар өте ауыр болады, ал егер бейбітшілік орнамаса, Сенат Ресейге қарсы шешуші шараларды қабылдайды деп мәлімдеді. Ол Путиннің қарсылық көрсетіп, қатыгездік танытып, соғысты жалғастырып жатқанын атап өтті.
Заң жобасы қазірдің өзінде Конгрессте- Өкілдер палатасында қолдау тапты және Грэм оның көпшілік дауыспен қабылданатынына сенімді. Бұл Конгресстің Украинаны қолдап, Ресейді айыптаудағы берік ұстанымын көрсетеді. Дауыс беру туралы шешім алдағы апталарда, әсіресе Ресейдің Украинаға жаңа шабуылдарынан кейін қабылдануы мүмкін.

Редакциядан: Әлемдегі басты мұнай өндіруші елдер өнім көлемін арттыру туралы мәлімдей бастады. Бұл да Ресейге берілген белгі. Себебі мұнай өдіруші елдер нарыққа көп көлемде мұнай шығарған жағдайда Ресей мұнайының бағасы тіпті төмендейді. Уақытында Советтер Одағының ыдырауына да осы тактика әсер еткен еді.

spot_img

ҰҚСАС ЖАЗБАЛАР

Кашмир дауы кезекті Үндістан мен Пәкістан соғысына ұласа ма?

фото bbc.com. сайтынан алынды 2019 жыл Кашмир мәселесі – Үндістан мен Пәкістан арасындағы Кашмир аймағын иеленуге байланысты басталған күрделі және...

Үндістан 24-36 сағаттан кейін Пәкістанға шабуыл жасауы мүмкін

фото https://oxu.az/ сайтынан алынды Пәкістанның ақпарат министрі А. Тарар Пәкістанның барлау қызметіне сілтеме жасай отырып, Үндістанның жақын арада, мүмкін алдағы...

Канада АҚШ-қа берілмейтінін мәлімдеді

фото Блэр Гейбл/Рейтер CNN   29 сәуір Канаданың жаңадан сайланған премьер-министрі Марк Карни Канаданың АҚШ-қа ешқашан берілмейтіні туралы мәлімдеме жасады. Ол 28...